Алла қаласа, оншақты күннен кейін қасиетті Рамазан айы кіреді. Құран айын асыға күтіп жүрген жандар редакциямызға жиі хабарласуда. Көпшілігі сәресі мен ауызашар, оразаны бұзатын және бұзбайтын нәрселер, басқа да түрлі сұрақтар қойып жатады.

Осы орайда muftyat.kz сайты ішінен дайындалған бірнеше қосымша сайтымыз барын еске сала кеткіміз келеді. Соның бірі – ramadan.muftyat.kz сайты. Бұл сайттан Рамазан айына қатысты бүкіл мәліметті таба аласыздар.

Ал оқырмандар тарапынан басқа да қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ҚМДБ Орталық аппараты жанынан ашылған Діни ақпарат орталығына (call-center) хабарласуға болады. Сall-center нөмірі – 33-30-30. Нұр-Сұлтан қаласының коды арқылы телефон шалуға болады. Орталықта дін саласының білікті мамандары тәулік бойы қазақ және орыс тіліндегі сұрақтарға жауап береді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38