Бүгін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазрет  «Сovid-2019»   жұқпалы індетіне байланысты уақытша қиындық сәтте бірқатар мешіт имамдары мен ұлағатты ұстаздардың әлеуметтік жағдайына байланысты сыйлық жасады.

Бас мүфтидің игі бастамасына Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай   Бейсенбаев, найб имам Мұхамеджан Естеміров, Абай Қамбар, Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек,  Абай аудандық мешіттің  бас имамы Исмаил Панов, Еңбекші аудандық мешіттің  бас имамы Еркебұлан Қарақұлов,  Қаратау аудандық мешіттің  бас имамы Дастан Желеуов, қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев пен «Жастар» секторының  мүшесі Анарғали Керімбеков  және Iman.kz сайтының жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы т.б. қатысты.

«Жүрек жылуы» қайырымдылық шара аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы  хазрет қарамағындағы қаншама мешіт қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын ескеріп,  қиындық сәтте күш-жігер беріп, өзі бастамашы болып имамдар мен ұлағатты ұстаздардың отбасына сыйлық жасады.  Алла Тағала разы болсын!», – деді Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы.

Айта кетсек,  арнаулы  сыйлығына  қаладағы 70 дін қызметкері ие болды. Әр отбасыға шаққанда  құны  15000 теңгені құрайтын 1050 000 миллион теңгені құрайтын азық-түлік өнімдері және түрлі тәттілер т.б.  заттар таратылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақттарда жергілікті кәсіпкерлер мен дін жанашыры тарапынан қолдауға ие болуда. Алла ниеттерімізді қабыл етсін!



ҚМДБ-ның Шымкент қаласы

бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38