Бүгін, Шымкент орталық мешіті мен «Зекет» қорының ұйымдастыруымен «#Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы жалғасуда.
Шымкент қаласында «Сovid-2019» жұқпалы індетіне байланысты уақытша жабылған 18 блок бекеттеріндегі 320 қызметкерлерге оның ішінде полиция қызметкерлері, әскерилер және дәрігерлерге түскі тамақ таратылды.
Шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев, найб имам Мұхамеджан Естеміров, Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек, Абай аудандық мешіттің бас имамы Исмаил Панов, Еңбекші аудандық мешіттің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов, қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев пен «Жастар» секторының мүшесі Сержан Мақсұтов және «Iman.kz» сайтының жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы т.б. белсенбі еріктілер қатысты.
Айта кетсек, шараның жоғары деңгейде өтуіне Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істер басқармасына және сүт өнімдері бойынша көмек берген «Сайрам сүт» ЖШС басшылығына алғыс білдіреміз.
Осы орайда, болк бекеттерде күзетте тұрған барша жауапты қызметкерлер ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің дер кезінде қолға алған «#Жүрек жылуы» шарасына өз ризашылықтарын жеткізді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі