Бүгін, Шымкент орталық мешітінде қасиетті Шағбан айының Барат кеші қарсаңында аты жаман «Сovid-2019» жұқпалы індетінен тезірек құтылып, елдің амандығын тілеп нәзір құрбандық шалдынды.
Құрбан шалу рәсіміне Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы тікелей мұрындық болды. Құрбан шалу шарасына қалалық «Зекет» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев, орталық мешіттің найб имамы әрі ұстаз Мейірбек Серсенбаев пен Азамат Әбікермұлы Алла Тағала ризалығы үшін құрбан шалып, елдің амандығына дұға етті.
Сондай-ақ, шалынған құрбан еттері «#Жүрек жылуы» атты қайырымдылық шарасына аясында таратылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі