Шымкент қаласының «Жастар» секторы көптеген игі істерді қолға алып келеді. Осы ретте, әлемде дүрбелең салған Сovid-2019 жұқпалы індетіне байланысты «Жүрек жылуы», «#Бізбіргеміз» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Бейсенбаевтың қолуымен қалалық «Жастар» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков бастаған ерікті топ мүшелері орталық «Әл-Фараби» алаңы мен өзгеде адамдар көп жүретін орындарға медециналық маска және антисептикалық дәрі, қолқап таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл шаралар тұрақты жалғасуда.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі