Шымкент қаласы, Сайрам тұрғын үй алабында орналасқан «Ибрахим ата» мешіті «#Бізбіргеміз» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Акция барысында 30 отбасыға азық-түлік таратылды. Атап айтқанда, әр отбасыға 5 литр өсімдік майы, 5 кг күріш, 5 кг қант, 10 кг ұн, 5 кг ет, 5 дана сабын т.б. заттар.

Акция барысында Сайрам тұрғын үй алабында орналасқан «Ибрахим ата» мешітінің имамы Жамшидхон Халмурадов Тұрсынханұлы шараның негізгі мақсатына тоқталып, халықты сабырға шақырып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында қолға алынып отырған игі шараларды атап өтті.

Айта кету керек, осы мешіттің имамы Жамшидхон Халмурадов үстіміздегі жылдың қаңтар айында Сайрам ауылында үйі өртенген отбасыға қомақты көлемде қаржылай көмек берген болатын.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы

бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38