ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешіті «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» қайырымдылық мекемесінің мәжіліс залында кеңейтілген мәжіліс өтті.
Мәжілісті Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев жүргізіп, атқарылатын жұмыстардың жоспарын таныстырды.
Жоспар аясында жат ағымдармен жеке және жалпы кездесулер, «YouTube», «Facebook», «Instagram» және «Telegram» әлеуметтік желілерінің жұмысын дамыту, имамдардың біліктілігін арттыру курстары, діни сауат ашу курстары мен қайырымдылық бағыттағы жұмыстары, еріктілер жылын тиімді өткізу т,б, мәселелер тапсырылды.
Сондай-ақ, қаланың бас имамы Б.Бейсенбаев «Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150», «Абай Құнанбайұлының 175» жылдық мерейтойына байланысты және ҚМДБ құрылғанына 30 жыл толуына арналған рухани шаралар өткізу туралы айрықша атап өтті.
Мұнымен қатар, былтыр Нұр-Сұлтан қаласында өткен ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани тұғырнамасын насихаттау шаралары һәм діни қызметкерлерге сынақ өтетіндігі айтылды.