«Әженің көргенін көрген соқыр болмас, айтқанын тыңдаған кесір болмас, бұйырғанын істеген олақ болмас» дейді дана халқымыз. Қазақ қартын сыйлаған, жастарының басын жинаған ел. Бүгінде көненің көзі болып отырған, өткеннен біздер үшін естелік болып қалған қартына , қарт аталарымыздың даналық сөзі мен ақылы біз үшін ғылымнан артық білім десек қателеспейміз. Әженің сөзін тыңдап, істе дегеннін істеген қазақ қыздары бүгінде жаманатты емес. Жаманнан жиырып, жақсылыққа үгіттейтін, ақылы мен әңгімелерін бізден аянбайтын ата- әжелеріміздің болғандығы біз үшін қуаныш.
Осы тақырып аясында 21-ші наурыз күні ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Halifa al-Nahaian Aqmeshit» орталық мешітінде «Әже көңілдің ажары, немере өмірдің базары» атты әжелер арасындағы сайыс өткізілді. Бұл сайысқа қаладағы 8 мешіттен келген әжелеріміз қатысты. Сайыстың барысы 4 (таныстыру, қисса, бесік жыры,ертегі айту) кезеңнен болды. Әр кезеңде әжелеріміз бір-бірінен қалыспай өздерінің бар күштерін жиып атсалысты.
Сайыстың мақсаты: әжелеріміздің қисса әңгімелерін жастарға баяндатып, қызықты әңгіме ертегілерін тыңдап, олардан үлкен тәрбие мен үлгі алу болған еді. Сайысқа қатысқан әжелерімізге мешіт атынан сыйлықтар беріліп, марапатталды.
Сондай-ақ жеңімпаздар есімдері :
1 орын- Алимова Гулипош, Сайрам жами мешітінен,
2 орын-Алтынтөреева Қаракөз, Д.А.Қонаев атындағы мешіттен,
3 орын-Орханбаева Алия әжелеріміз иеленді.
Байқаған жанға бұл сайыста қазіргі заманда ұмытылып жатқан дүниелердің бәрі қамтылған. Виртуалды өміргесеніп, қарттың сөзін елемей жүрген жастарға бұл ұйымдастырылған сайыстың үлкен үгіт насихат болатындығы хақ. Осындай сайыстардың көптеп ұйымдастырылуына тілектеспіз.