Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты «Айқап» мешітінде қазақтың ұлттық мерекесі Наурыз мейрамына орай «Қошкелдің Наурыз» атты керемет мерекелік кеш өткізілді. Бұл кеште ақ дастархан жайылып, наурыз көже таратылды. Шәкірттер арасында түрлі жарыстар өткізіліп, уағыздар айтылып, көпшіліктің назары осында болды.

Сондай-ақ бұл жарыстарда ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін мақал-мәтел жарысы, үздік ұлттық нақыштағы киім жарыстары өтті. Ұлттық киім үлгісі жөнінен басты сыйлықты кішкентай Айым және Әзизхан есімді бүлдіршіндеріміз жеңіп алды, олар әжелерге арнап керемет ән шырқап берді. Әжелеріміз де бұл мейрамға барынша ықыласпен қатысты.

Мешітке келген қонақ әжеміз құрма сүйектерінен жасалған 18 тасбих жасап, өз қолдарымен мешіт жамағатына сыйлыққа берді. Әжелеріміздің  «Еліміз үшін, жеріміз үшін, дініміз үшін» деп берген ақ баталарын алған жамағат өте керемет көңіл-күйде болды. Және мешіт атынан келушілерге кішігірім сыйлықтар таратылып, мейрамның  ел есінде қалуына үлестерін қосты. Осындай іс-шаралардың көптеп өткізілуі жастарымыздың патриоттық сезімін одан сайын ұлғаюына септігін тигізеді деп сенеміз!

Төл мерекеміз Әз-Наурыз құтты болсын!

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38