Күндердің күнінде көзі көрмейтін Асия есімді қыз болыпты. Ол бойжете соқырлығының салдарынан айналасындағы барлығын жек көре бастайды, өмірден түңіліп, ештеңеге зауқы болмайды. Бірақ, оны қашан да қолдап, қол ұшын беруге әзір болатын сүйіктісі ар еді. Екеуі бір-бірін қатты жақсы көретін. Асия оның жүзін көре алмағанымен жігіттің жасаған қамқоршылығы Асияның сезімін оятады. Бір күні Асия жігітке:

—   Егер мен мына әлемді бір сәт көретін болсам міндетті түрде саған тұрмысқа шығар едім,-деп күрсінеді. Содан арада бірнеше уақыт өтіп жігіт өз көзін Асияға айтпастан беруге келіседі. Асияға ота жасап, екі көзі ашылған Асия қуаныштан көз жасына ерік береді. Жігітіне қараса оның көзі көрмейтін болып шығады. Асия аң-таң болады. Сол уақытта жігіт одан:

— Енді сен маған тұрмысқа шығасың ба?-дейді. Асия тұрмыс құрудан бас тартады. Жігіт мұңайып, бөлмеден шығып кетеді. Кейін Асияға хат жолдайды. Хатта:

— Сен енді менің екі көзімді сақта. Себебі, ол менің саған деген сезімімнің қаншалықты жоғары болғандығын көрсетеді,-деген екен.

Бұл адамның ақылы белгілі бір жағдайға түскен уақытта оның өзгеріске түсетін әрекеті болатын. Өмір ол – бізге берілген сыйлық.

— Бүгін біреуге жаман сөз айтпас бұрын сөз сөйлеуден айрылған мылқауларды еске ал

— Бүгін алдыңа ұсынылған асқа сын айтпас бұрын ондай асқа зарығып отқандарды еске ал

— Бүгін күйеуіңе не әйеліңе мін тақпай тұрып біреулердің жалғыз тастап кетпеуін өтініп жатқандарды еске ал

—  Бүгін өмірге наразылығыңды білдірмес бұрын өмірден ерте өткендерді есіңе ал

— Бүгін бала-шағаңа ашуланбас бұрын бір бүлдіршінге зар болып отырғандарды есіңе ал

— Бүгін үйіңнің шашылып жатқанына наразы болмас бұрын үйі жоқтарды есіңе ал

— Бүгін алыс шақырымға баруға қынжылмас бұрын сол шақырымды жаяу баратындарды еске ал

— Бүгін қызметіңе долданбас бұрын жұмыссыз мүгедек адамдарды есіңе ал

 Себебі, өмір – бір-ақ рет берілетін сыйлық!

Жалғас АСХАТҰЛЫ, дінтанушы  

Ақпарат көзі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38