SAM 634

 SAM 634

Діни басқарманың төрт бағыт жұмыстарының бірі һәм берегейі қайырымдылық шараларын жан-жақты ұйымдастырып, өткізу болып табылады.
Осы шара аясында Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында орналасқан №1 жалпы, орта мектеп-интернатында тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдерге Шымкент қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдәулет Абдрахманов өз есебінен 10 дана кілем төсеніш хадия етті. Оның жалпы құны 150 мың теңгені құрайды.
Айта кету керек, аталмыш оқу орында жағдайы төмен, жартылай жетім, аз қамтылған отбасылардың 146 балалары жатып оқып, тәлім-тәрбие алуда.
Аталмыш оқу орының меңгерушісі міндетін атқарушы Өскенбаева Ақнұр ханым Шымкент қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің Бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлына өзінің алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Алла ниеттерініңізді қабыл етсін.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

 SAM 633

 SAM 634

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38