ЖАН ЖЫЛУЫ
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с): «Ант етіп айтамын, кімде-кім Алла Тағаланың махлұқтарына (жаратқандарына) мейірімділік жасаса, Алла оған да мейірімділік жасайды» – деген көркем хадисіне амал қылу ниетімен, үстіміздегі жылдың ақпан айының 24 жұлдызында Шымкент қаласы, Əл-Фараби ауданы «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің жəне Шымкенттык еріктілермен бірлесе отырып «Жан жылуы» акция ұйымдастырылды. Акция аясында 800 адамға түскі ас таратылды.

Осынау игі шараның ұйымдастырылуына мұрындық болған «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдəулет Нұрматұлы қайырымдылық істің басы-қасында жүрген жігерлі жастарға өзінің дəн ризашылығын білдірді. Шараның басты мақсаты қайырымдылықты кеңінен насихаттау, жастардың барлық істерде белсенді әрі ықыласты болуы кеңінен түсіндірілді.

Мұндай қайырымдылық шаралар алдағы уақытта жалғасын табатыны айтылды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38