Ордабасы ауданы орталығы Темірлан ауылындағы аудандық «Дәулеталыұлы Бегалы ата» мешітіндегі Рамазн айт намазына жиналған жамағат жылдағыдан өте көп болды. Аудан имамы айт намазы алдында жамағатқа ел бірлігі және мұқтаж адамдарды қуантудың сауабы жайында уағыз айтты. Айт намазға арнайы келге аудан әкімі Алмасбек Мамытбеков аудан тұрғындарын айт мерекесімен құттықтап, жүрек жарды лебізін білдірді. Сонымен қатар аудандық ардагерлер қоғамының төрағасы Тұраш Әбдіқайм да көпшілікті ораза айтымен құттықтап, әрбір отбасына ынтымақ тіледі. Мешітіміздің бас демеушісі Ермек Абасовқа сөз берілгенде, жамағаттың сілтідей тынып, демдерін іштеріне тартып, әрбір сөздеріне мән беретініне бәріне белгілі. Өйткені, дәл осы ораза айт күні жамағат арасынан бір кісіні үлкен қажылық сапарға жіберетінін жариялайтын. Ермек әуелі жамағатқа құттықтау сөздерін арнап, 5 уақыт намазға жиналатын көпшілікпенақылдаса келе, ауыл тұрғыны, мешіт жамағаты Шырынханұлы Бекназарды жіберетінін мәлімдеді. Бұндай үлкен сыйды күтпеген Бекназар қуанышын жасыра алмай, үлкен сауапты сапарға өз анасын ала баруға ниетті екенін жеткізді.
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы, яғни төрт бағыты баршаға мәлім. Соның бірі ауыл тұрғындары арасындағы тұрмысы төмен отбасыларға барынша жәрдем ету яғни қайырымдылық іс-шараларды барынша көп ұйымдастыру болатын.
Жылдағы дәстүр бойынша айт намазына келген жамағатқа намаздан кейін жаппай 800 дана, «Темірлан» мешітінде 400дана, «Есілбай ата» мешітінде 400дана балмұздақ жамағатқа таратылды. Сонымен қатар Темірлан-Шымкент бағытындағы 70шағын авто көліктер жолаушыларды тегін тасымалдады. Осымен шектеліп қалмастан, ауыл ішіндегі «Тұлпар» және «Ордабасы» такси ұжымдары 150 тапсырысты тегін атқарды. Жеңіл авто көлік терезелеріне «Ораза айт мерекесі құтты болсын» деп түрлі-түсті әріптермен жазылған парақшалар жапсырылды. Осы қайырымдылық акциялары кәсіпкер ауыл тұрғындары демеушілігімен жасалды. Бұндай үлкен деңгейдегі қайырымдылық акция мақсаты айт мерекесін жоғары деңгейгежеткізу, яғни ауыл тұрғындарын айт мерекесін басқа мерекелерден артық екендігін сездіру, көздерін жеткізу мақсатында ұйымдастырылды. Акция нәтижесін беріп келеді. Себебі ауыл тұрғындары бұрын соңды көрмеген қайырымдылықтарға ризашылығын білдіруде. Өз кезегінде мешіттің жас намазхан жігіттері үстеріне «Ораза айт құтты болсын»-деп жазылған футболкалар киіп, тек мешіт жанында ғана емес, көшелерде тұрғындарға балмұздақтар мен тәтті шоколадтар таратып, қуантуда. Айт мерекесінің мақсаты көпшілікті айт мерекесімен құттықтап, қуанту екендігі белгілі. Сонымен қатар, Рамазанның соңғы күнінде аудандық әлуметтік бағдарламалар мекемесінің берген тізімі бойынша 35 жалғызбасты және көп балалы тұрмысы төмен отбасыларға пітір садақасынан қаржылай жәрдем берілді. Тіркеуде тұрған 1-ші, 2-ші, 3-ші топ мүгедектерге де көмек қолы созылды. Осындай қайырымдылық іс-шаралары аудан көлеміндегі басқа мешіттер де жоғары деңгейде ұйымдастыруда.
Ордабасы ауданы, орталық мешітінің баспасөз қызметі.