Таяуда Шымкент қаласы «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінде 104 мешіттің барлық имамдары жиналған кеңейтілген кезекті жиналысында «Жусан» операциясының маңыздылығы түсіндірілді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қомқорлығымен қантөгіс пен озбырлық ошағына жалған ұранмен кеткен Сирия жерінде от басып, опық жеген 47 еліміздің азаматтарын «Жусан» операциясы арқылы алып келген болатын. Олардың дені, яғни 30-ы – 1-5 жас аралығындағы балалар.
Осы тұста айта кету керек, ҚМДБ-ның төрғасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазрет «Қазақстан» ұлттық арнасының «Апта» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасында «Жусан» операциясына қатысты сұқбат берді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі