Имам-молдалардың Құран, ақида, фиқһ бойынша біліктілігі сыналды

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінде қала, аудан имамдары Құран-Кәрім, тәжуид және ақида (сенім) құқықтық сала бойынша біліктілігі сыналды.

Аталмыш шараға Шымкент қаласы бойынша «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық найб имамдары мен Абай, Әл-Фараби, Еңбекіш және Қаратау аудандық орталық мешіттің бас имамдары төрелік етті.

Жалпы, біліктілік сынағында басты төрелік еткен «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінің найб имамы Нәзірхан Тасходжаевтың айтуынша қаладағы 104 мешіттің 203 имам, найб имам, молдасы қатысса, 61 мешіт қызметкерлері себептеріне байланысты келесі аптаға қалдырылды.

Аталмыш біліктілік сынағынан жоғары деңгейде өткен дін қызметкерлеріне өкілдік тарапынан арнайы алғысхатпен марапаттау көзделуде.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38