Күндердің күнінде бір шалғай ауылда күш қуаты тасыған бір жігіт болыпты. Ол қашанда жүрген жерінде:

— Әттең, шайтан малғұнның маған көрінбейтінін қарашы. Егер онымен кездесетін болсам сазайын беріп, әбден жұдырықтың астына алар едім, дейді екен. Содан бір күні дегеніне жетіп шайтан оған адам кейпінде көрінеді.

— Мен – шайтанмын. Сен бе менің сазайымды беремін деп жүрген? Қанекей, кел бері…

Сөйтіп, екеуі алысып, ақыры әлгі жігіт күш қайраты таусылып жеңіліп қалады. Сол сәтте шайтан оған:

— Алла саған 50 жыл бермегенде дәл қазір жермен-жексен етіп, күлге айналдырып жіберер едім, деп ғайып болған екен. Содан әлгі жігіт іштей:

— 50-ге дейін әлі талай уақытым бар екен. Ойнап-күліп, салтанат құрып қалайын. 50-ге жақындаған сәтімде құлшылық етіп, Алланың рақымына бөленетін шығармын,-дейді.

Содан ол өмірдің рахатына бөленіп, салтанат құрып жүргенде 35 жасында дүниеден өтіп кетеді. Осылайша шайтан өз дегеніне жетіп, тағы бір адамды тура жолдан тайдырған екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ, дінтанушы

Ақпарат көзі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38