Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы бастаған бір топ қызметкерлер Қаратау ауданы, Сайрам тұрғын үй алабында орналасқан «Сайрам жәми» мешіті жанындағы Алқа мүшелерінің жұмысымен танысты.
Кездесуге ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойыншаөкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев, найб имамдар Мұхамеджан Естеміров, ӘділханСертай, Нәзірхан Тасходжаевтар, Ардагерлер кеңесінің және «Сайрам жәми»мешітінің Алқа мүшелері мен мешіт жамағаты қатысты.
Кездесу барысында Сайрам тұрғын үй алабына қарасты 25-тен астам мешіттердің күнделікті тыныс-тіршілігі, бухгалтерлік есеп-қисап, кіріс-шығыс мәселелері төңірегінде өрбіді.
Мұнымен қатар, мешіттердегі уағыз-насихат, діни сауат ашу курстарының барысы дамыту туралы нақты тапсырмалар берді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі