Адам баласының жаратылысы бәрімізге мәлім болғандай ет пен сүйек және денемен жаннан тұрады. Сондықтан әрбір адам жеке тұлға ретінде өзіне тиісті міндеті бар. Яғни тәні мен жаны алдындағы міндеттері болып екіге бөлінеді.
1) Тәніміз алдындағы міндеттеріміз.
А) Тазалық
Дініміздің тазалыққа көңіл бөлгендігін мына аяттан байқауымызға болады. «Күмәнсіз Аллаһ тәубе етушілер мен таза болушыларды жақсы көреді» (Бақара 222)
Құранда: «Онда таптаза болуды сүйетін кісілер бар. Аллаһ та өте таза болушыларды жақсы көреді» (Тәубе 108) Аят жалпы тазалықты қамти отырып, тән тазалығымен ішкі жан дүниеніде рухани тұрғыдан күнә істемеу арқылы тазартуды білдіреді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Тазалық – иманның жартысы» (Муслим Тахарат 1).
Осы тазалықтың өзін бірнеше түрге бөлуге болады.Мысалы: тән, ас, киім және айналаның тазалығы.Бұларға қысқаша тоқталсақ:
1- Тән тазалығы:
Мұсылман кісі тек дәрет алып, ғұсыл құйынып қана қоймай, өзге де тән тазалығын жасауы тиіс.Мысалы: тамақтан алдын және кейін қолын жуу, аузын шаю, сақал- мұртын таза ұстау және артық қылдарын тазалау. Бұл турасында Пайғамбарымыз (с.а.у) көптеген хадистері бар.
«Мисуак қолданыңдар.Өйткені мисуак ауыз тазалығы» (Бұхари Саум 27) «Егер мүминдерге ауыр келмейтін болғанда әр намаз кезінде мисуак қолдануды әмір ететін едім» (Бұхари Жұмға 8).
«Тамақтан алдын және кейін қол жуу, тамаққа береке әкеледі» (Тирмизи Әтимә 39).
Мұрт және тырнақ алу,қолтықпен шашты қыру ислам тәртіптерінің бірі, Мұртты қастары сияқты еріндердің айналасы белгілі көрінетіндеи қырқыу керек.Расулуллоһ ( с.ғ.с. ) былай бұйырады.»Мұрттарыңызды еріндерің көрінетіндеи қысқартыңыз «Қолтық және шапты қыруда алмас қолдану және оны таза жағдайда қолдануы керек.Егер бір кісі жүніп болып қолтығын немесе шабын қырынатын болса,қиямет күнінде сол жүндер сол кісіден арызданады. Иә Раббым бізді нәжіс болған кезде түсірді,-деп арызданады. Ал сақалда әдет болған бір уыстан артығын енінен және бойынан қысқарту. Расулуллоһ ( с.ғ.с) ұзын сақал туралы: «Бір уыстан артық болған сақал адамның жаратылысын айыптаиды және өсекшілердің тілдерін создырады»-деген.Ал тырнақ әдебі жұма күні намаздан алдын алу керек. Расулуллоһ (с.ғ.с) хадис шарифінде: «Бір кісі жұма күні тырнақтарын алатын болса,келешек жұмаға деиін және одан үш күн көптеу Ұлы Аллаһ ол кісіні пәлелерден қорғайды.»Тырнақ алуда әдеп болған оң қолының кіші саусағынан бастап,сосын орта саусағының содан соң бас саусағының соңында кіші саусағының жанындағы белгі саусағының тырнақтарын алукерек.Сол қолын болса бас саусағынан бастап сосын орта саусағын сосын кіші саусағын содан соң белгі саусағын соңында кіші саусақтың жанындағы саусақтың тырнақтарын алу керек.Бұл тәртіппен тырнақ алу тек қана қолдың саусақтары үшін.Аяқ саусақтарында әдептілік оң аяғының кіші саусағынан бастап сол аяғының кіші саусағынан тамамдау.
2-Ас пен киім тазалығы.
Біз өмір сүру үшін ішіп жеуге мұқтажбыз. Бірақ осы ішіп жейтін асымыз адал және таза болуына мұқият болуымыз керек. Бұл тазалық екі тұрғыда болады. Біріншісі, сыртының таза болуы, яғни ауырмау үшін жуып-тазалап жеу. Ал екіншісі, рухани тұрғыдан таза болу. Себебі Аллаһ Тағала адал болған асты ішуге рұқсат етеді. Харам асты лас деп білдіреді.
Тәніміз таза болып, киіміміз таза болмаса, құлшылығымыз қабыл болмайды. Әсіресе ұятты әурет жерімізді жабу үшін дұрыс киім киюіміз керек. Құранда Аллаһ Тағала былай дейді:
«Ей адам баласы ұятты жерлерінді жабу үшін киім және сәндік бұйымдар түсірдік». (Ағраф 26).
3- Айналаның тазалығы.
Біз жүрген жерімізді тазаламай, ластап кететін болсақ, өзге бауырларымыздың құқығын таптаған боламыз.
Б) Аурудан сақтану.
Барлық құлшылығымызды алдымен деніміз сау болуы қажет. Адам баласы денсаулығының қадірін білмейді. Пайғамбарымыз (с.а.у) бұл жайында былай дейді: «Адамдар екі түрлі нығметтің қадірін білмейді. Біріншісі-денсаулық, екіншісі-бос уақыт.» (Бұхари Қақ 1). Біздің дана халқымыз да: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде». Кейбір мұсылмандар емделместен ауруды берген Аллаһ, емді де беретін Аллаһ деп жүре береді. Бұл өте қате пікір, ол өз өмірін қатерге итермелеуде. Бұл да дініміздің тиым салған әмірі. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Ей Аллаһтың құлдары емделіңдер. Өйткені Аллаһ әрбір жаратқан ауруы үшін міндетті түрде шипа мен дәрі жаратқан» (Тирмизи Тиб 2). Осылайша ауырған жағдайда емделу керектігін бұйырады.
В) Зиянды әдеттен сақтану.
Зиянды әдеттердің басында ішкілік пен құмар келеді. Аллаһ Тағала Құранда: «Ей мүминдер! Арақ, құмар, тігілегшн тастар және бал ашатын оқтар лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар, құтыларсыңдар.негізінен шайтан, арақта, құмарда, араларыңа дұшпандық әрі кек салып, Алланы еске алудан және намаздан тосуды қалайды. Ал сонда да тиылмайсыңдар ма?» (Мәида 90-91) деп ішімдік пен құмардың зиянды екенін айтып тиым салады.
Пайғамбарымыз (с.а.у): «Ішкілік – жаманшылықтың анасы»,- деп бекер айтпаған.
Г) Біреудің жанын қимау.
Біреудің жанын қию діінміздің бойынша харам, әрі үлкен күнә. Аллаһ Тағала былай дейді: «Кім кісі өлтірмеген немесе бұзақылық жасамаған біреуді жазықсыз өлтірсе, ол барлық адамда өлтіргенмен тең. Ал кім бір адамды тірілтсе (өлімнен құтқарса) барлық адамды тірілкенмен тең деп жаздық» (Мәида 32).
Пайғамбарымыз (с.а.у): «Еш қайсыңыз өлімді тілемеңіздер». (Риязус Салихин 2 том 587).
2) Жанымыз алдындағы міндеттеріміз.
Адам жаны дұрыс жолға тез тәрбиеленіп, бір арнаға түсетіндей бір сәтте бұзылып кетуі де әбден мүмкін. Құранда Аллаһ Тағала былай дейді:«Расында адамзатты көркем бейнеде жараттық. Сосын оны төмендердің төменіне жібердік.(Тин 4-5)
Құранда: «Рас тозақ үшін көптеген жын және адамдар жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, бірақ онымен көрмейді. Және олардың құлақтары да бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан әрі адасуда. Міне солар мүлде қаперсіздер». (Ағраф 179).
а)Дұрыс сенімге ие болу. Адамның рухани азығының негізі-сенім.Сол себептен дұрыс және берік сенімге ие болмаған адам, рухани жетістікке қол жеткізе алмайды.
б) Құлшылықтарға мұқият болу. Намазын дұрыс оқыған кісі жамандық жасаудан алыс тұрады. Құранда Аллаһ Тағала:
«Күдіксіз намаз арсыздықтан, жамандықтан тияды» ( Әнкәбут 45).Сонымен қатар ораза адамға сабырлық пен төзімдіілкті үйретеді. Зекет өзгелерге көмек беру, қол ұшын ұзатуды, қажылық бірлік пен ынтымақты үйретеді. Сол үшін құлшылықтарымызды, дұғаларымызды тек Аллаһ Тағала үшін жасау біздің діни міндетіміз.
в) Дұрыс мәліметке ие болу. Аллаһқа иман келтіріп, және құлшылық ету үшін әрбір момын пенде дұрыс мәліметке қол жеткізуі керек. Құранда:
«Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе. Расында құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады.» ( Исра 36)
Тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, адамгершілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткіші. Тазалықтың адам өміріндегі орны мен мәні ерекше жоғары болғандықтан, таза болу – әрбір мұсылманның міндеті.
Әрбір адам бойына тазалық әдебін сіңіріп, әдетке айналдыруы тиіс.
Аллаһ тағала қасиетті Құранда:
«Ей, мүминдер! Аллаһ тағала сендерге ауыртпалық қаламайды. Ол сендердің таза болуларыңды және шүкіршілк етулерің үшін сендерге нығметтерін тәмәмдауын қалайды», деген.
Пайғамбарымыз с.ғ.у: «Тазалық иманның жартысы», деп айтқан.
Ал, Ислам дінімен біте қайнасқан, осы діннің ұстанымен тіршілік етіп, өмірлеріне арқау еткен қазақ халқы: «Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық кепілі – тазалық», деген.
Әбу Һурайра р.а-дан риуаят, Пайғамбарымыз с.ғ.у:
«Лағынеттеуші екеуден сақтаныңдар!», дегенде, сахабалар: «Я расулуллаһ с.ғ.у! Лағынеттеуші дегеніңіз не?», деп сұрағанда, «Ол – адамдар жүретін жолға және көлеңкеге (яғни, адамдар тынығатын орындарға)дәрет сындырушыны лағынеттеуші», деп жауап берді Расулуллаһ с.ғ.у.
Дін – бұл мәдениет, дін – әдепті, таза адамдарды хайуаннан ажырататын Аллаһ тағаланың заңы.
«Біз адамзатты ұлық еттік», дейді Аллаһ тағала Құранда. Адам – міне, осы ұлылықты білу керек. «Хайуанды ұлық еттік», деген жоқ Аллаһ тағала. Хайуандардың жейтін нәрселеріне қараңыз! Шөп жейді, адамдардан қалған нәрселерді жейді. Сіз пәк, таза нәрселерді жейсіз. Бірақ, таза нәрселерді жеп, хайуан сияқты кез-келген жерге дәрет сындырып кете берсеңіз, қане адамгершілік?!
Адамдар жүретін жолға, адамдар тынығатын саябақтарға лас істерді істеп кетушілерді Аллаһ тағала лағынеттейді. Бұл істердің барлығы имансыздық себепті болып жатыр. Бұларды өзіміз істемесек те, басқалар айтып, түсіндіріп, жеткізіп қою керек.
Хузайфа р.а-дан риуаят, Пайғамбарымыз с.ғ.у айтты:
«Кімде-кім адамдар жүретін жолға күл-қоқыс тастаса (жуынды, кір жуған суларын төксе), бүкіл адамдардың лағынеті оларға уәжіб болады. Бұлар нағыз малғұндар».
Әбу Һурайра р.а-дан риуаят, Пайғамбарымыз с.ғ.у айтты:
«Кім адамдар жүретін жолға кір жуса (яғни; төсеніш, көлік, мал), оған Аллаһтың, періштелердің және бүкіл махлұқтың лағынеті болсын».
Қазіргі күнде халық бұл істерге мән бермей қойған. Бұлар лағынеттелген, қарғысқа қалдыратын істер.
Әбу Һурайра р.а-дан риуаят, Пайғамбарымыз с.ғ.у айтты:
«Кім әжетке отырғанда қыбланы құрмет етсе, Аллаһ тағала қыбланы құрмет еткені үшін оның күнәсін кешіріп, сауап жазады».
Сондықтан мұсылмандардың әжетханасы қыблаға қарап салынбайды. Бұлар көзімізге кіші көрінгенмен, астарында үлкен мән жатыр.
Жәбир р.а риуаят етеді:
«Расулуллаһ с.ғ.у тоқтап қалған көлшік суға дәрет сындыруға тиым салған еді. Сонымен бірге ағын суға дәрет сындырудан да қайтарды».
Суға дәрет сындыру, өте үлкен күнә… Бірақ, әжетханалардағы арнайы сулар басқа…
Пайғамбарымыз с.ғ.у айтқан екен:
«Дені сау бола тұрып, үйде дәрет сындыруға тиым салған. Өйткені, ол үйге періште кірмейді».
Енді, біреулер ауру болса, нәжесін дереу төгіп отыру керек.
Абдуллаһ ибн Муғаффал р.а-дан риуаят:
«Нәби с.ғ.у адам жуынатын жерде дәрет сындырудан қайтарды. «Уасуасаның көбі осыдан», деп айтты».
Ғұсылдан алдын дәрет сындыру керек. Міне, соны шомылатын жерде істеме. Уасуас ауруына шалдығады екен. Алдымен әжетханаға барып, сосын шомылу керек.
Пайғамбарымыз с.ғ.у айтады:
«Жолда кетіп бара жатып тесіктерге, шұңқырларға дәрет сындырмаңдар! Өйткені, ондай жерлер жындардың үйі болады».
Қояншық, жындылық, аузы қисайып қалу т.б әртүрлі аурулар осыдан болады.
Аллаһ тағаланың сақтауымен адамдарға жын тиіспейді, адамдар жындарға тиіскен соң, жын да адамды сәл түртіп қояды. Сосын ата-бабасының түсіне кірмеген ауруға душар болады… Соның үшін көрінген жерге дәрет сындыруға болмайды.
Ақыл-есі бүтін адам көлшікке, ағын суға, тесік-шұңқырларға дәрет сындырмайды.
Пайғамбарымыз с.ғ.у айтқан екен:
«Екі еркек бір-бірінің жанында тұрып, сөйлесіп дәрет сындырмасын және бір-бірінің әуретіне қарамасын! Аллаһ тағаланың қатты ғазабы келеді»
Қорыта айтқанда, асыл дініміздің осындай тәртіптеріне бағынып, жан мен тән тазалығына мән беруіміз қажет. Алла тағала ниеттерімізді қабыл етсін, әмин!
Ерменбаев Руслан Бубейевич
ОҚО Түлкібас аудандық
“Түлкібас ата” мешітінің имамы