Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешіті мен облыстық «Зекет» қорының ұйытқы болуымен қайырымдылық шарасы өткізілді.
Қайырымдылық шараға облыс имамы А.Керімбек Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінің бас имамы Б.Абдурахманов, Зекет қорының орынбасалары А.Қамбар, Ғ.Назаровтар сөз сөйлеп, Рамазан айымен құттықтап, Алладан сабыр, дәулетті болуларын тіледі.
Жалпы, шара барысында 100 мүмкіндігі шектеулі, жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға азық-түлік түрінде (1 қап ұн, 1 қап күріш, 10 кг қант, 5 литр май т.б.) тартты.
Алла ниеттерін қабыл етсін.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі