Шырайлы Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде өткен қасиетті Қадір кешінде 5000 жамағатқа тегін сәрелік ас берілді.
Бұл шараға негізгі мұрындық болған облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр мырза бастаған топ ұйымдастырып, мешіттегі барлық жамағатқа сәрелік ас тарқатылды.
Айта кету керек, өткен жылы жоғарыда аттары аталған азаматтар тарапынан үш мың адамға сәресі берілген болатын.
Өз кезегінде облыс имамы Ахметжан қажы Керімбек қол ұшын берген жомарт жандарға алғыс білдіріп, табыстарына береке тіледі.
Алла Тағала ниеттерін қабыл етсін.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі