Бүгін Шымкент қаласы Еңбекші ауданыОңтүстік шағынауданында №127 жалпы орта мектебінің акт залында жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті. Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырмасы шеңберінде «Оңтүстік жастары» ҚБ-і ұйымдастыруымен өткен кездесуге Имам Ағзам мешітінің бас имамы, ЖАНТ мүшесі Нұрлан Бақытжанұлы қатысты.
Мақсат, дін саласындағы тұрақтылық мәселелері бойынша Шымкент қаласында жалпы білім беру мектептерінде жасөспірімдер арасында деструктивті діни ағымдардың ықпалының алдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру жобасы аясында мектеп оқушыларымен кездесу өткізу.
Кездесу барысында имам керағар діни ұйымдардың жетегінде кетудің алдын алу және олардың қоғамға әсері, уақытты тиімді пайдалану, сабақты жақсы оқу т.б тақырыпта сөз қозғады.