Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында «Біз сені әлемдерге рахым етіп қана жібердік»  атты рухани кеші болып өтті.

Мерекелік іс-шараға ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, этно-мәдени бірлестіктер төрағалары, қоғамдық ұйымдар, ЖОО-ның студенттері, «Шымкент» медресе-колледжі мен қарилар орталығының шәкірттері, ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша мешіт имамдары мен жамағаты, Шымкент қаласы тұрғындары  және БАҚ өкілдері қатысты.

Мерекелік шара алдымен Құран Кәрім тіләуат етумен басталып, артынша Шымкент қаласының имамдары мен «Шымкент» медресе-колледжінің бір топ шәкірттері  қазақ, араб, түрік және өзбек тілдерінде мәуліт дұғасын оқыды.

Кеш соңында барлық қатысушы көрермендерге  ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілі, Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев уағыз-насихат айтып, алғысын білдірді әрі мәуліттен сыйлық ретінде Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің дінтану сараптамасының оң қорытындлысы берілген «Адамзаттың асыл тәжі» Мұхаммед пайғамбардың өмірі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) атты кітап тегін үлестірілді.

Жалпы, қатысушылар аталмыш кештен үлкен рухани ләззат алып, ризашылықтарын білдіріп тарасты.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38