Бүгін ҚМДБ-ның «Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің» меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келді.
Сапар аясында бірқатар кездесулер мен басқосуларға қатысу көзделуде. Соның ішінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы орталық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінде бесін намазы алдында жамағатпен кездесті.
Кездесу барысында бөлім меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан «Бір мешіт, бір жамағат, бір үмбет» шарасының қолға алынып жатқанынан айтып, түрлі кереғар ағымдардың алдын алу, бірлік пен береке, ынтымақ пен достық, жастар тәрбиесіне қатысты мәселелерді кеңінен түсіндірді.
Сондай-ақ, кездесу сәтінде мешіт жамағаты тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі