Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, «Абдулхамид Қаттани» мешітінің ұйымдастыруымен мешіттің асханасында жамағатқа кешкі дастархан жайылып, уағыз ұйымдастырылды. Ең маңыздысы бұл сауапты кешке  ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлім меңгерушісі, Ғұламалар кеңесінің мүшесі, ғалым, Сансызбай Құрбанұлы ұстазымыз қатысты. Сансызбай ұстаз жамағатқа уағыз-насихат айтып, әр нәсре тәртіп қағидамен болатынын сол тәртіп қағидаттар дініміз исламда да қаттаң сақталуы керек екенін айтты. Әркім өзбетінше пәтуа беруге, үкім шығара болмайтынын, бұл нәрселердің барлығы фикһи тәртіп-қағидаттармен, жан-жақты зерттеулермен жүзеге асатындығын қатаң ескертіп өтті.

«А.Қаттани» мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38