ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігіне қарасты жастар ісі секторының меңгерушісі Әбдікерімұлы А. және «Ықылас» қарилар дайындау орталығының директоры Майлан Ы. «Шымкент» медресе колледжінің студенттерімен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты 18 қазан Шымкент қаласы орталық мешітінде өтетін қарилар арасындағы Құран жарысына іріктеу сайысы болды. Жүздесу барысында шәкірттермен сұхбат құрылып, сұрақ-жауаптар болды. Және де іріктеу сайысы өтті. Студенттердің білім деңгейі тексеріліп, озық шәкірттер анықталды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38