Исламның білімді ғұламалары әрбір жасалған күнәға тәубе келтіру керектігін айтқан. Ата-бабамыз бұл туралы: «Шын ниетпен қылған тәубе таудай күнәні жояды», – деген.
Құранда Алла тағала былай дейді: «Әй, мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыласыңдар» («Нұр» сүресі, 31-аят); «Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Сонан соң оған тәубе етіңдер» («Һұд» сүресі, 3-аят); «Әй, мүміндер! Аллаға шынайы тәубе қылыңдар» («Тахрим» сүресі, 8-аят).

Шынында да адам баласы аяқ аттап басқан сайын түрлі күнәләрға кездесуі мүмкін. Тіпті күніне бір күнәдән істеген күннің өзінде бір жылда 365 күнә жасауы ғажап емес.
Ал бұл күнәлар қайдан пайда болуы мүмкін? Ол адамның шариғаттан тыс істерді жасап, сөздерді айтуында жатыр.
Жалпы, пайғамбарымыз (с.ғ.с) адам баласының күнәсіз, қатесіз болмайтындығын айтқан. Кейбір адамдар біліп тұрып күнә істеуі мүмкін, ал кейбірі қателікке ұрынып, білместікпен күнә істеуі ықтимал. Күнәнің өзі үлкен және кіші болып екіге бөлінетінін білеміз.
Өзінің күнә істегенін білген адам Жаратқаннан үміт етіп, тәубеге келіп, Алла тағаладан шын ниетімен кешірім сұрауы керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Күнәсына тәубе қылған кісі күнәсіз адам сияқты», – деген.

«Тәубе» сөзінің негізгі мағынасы «оралу» дегенді білдіреді. Шариғи тілде – «істеген күнәсына өкініп, екінші рет қайталап істемеуге, жаман іс-әрекеттерді қайталамауға Алла тағалаға уәде ету, кешірім сұрау» деген ұғымды білдіреді.
Бірақ, егер біз Алла тағала біздің күнәмізді кешіреді екен деп күнде үлкенді-кішілі күнәларды істеуден тыйылмасақ, оның азабы да ауыр болады. Алла тағала мұндай пендесінің тәубесін қабыл етпейді.

Пайғамбарымыз(с.ғ.с) миғраждаАллатағаламентілдескендеЖаратушыИеміз:
– Иә, Мұхаммад, мағанлайықтынесый-сияпатәкелдің? – дейді. Сонда Алланың елшісі:
– Я, Алла, Саған ненің лайықты екенін біле алмадым, – деді, – Бүкіл жаратылыс пен қазынаның иесі бір Өзіңсің. Мен Саған тек үмбетімнің күнәсін алып келдім. Олардың күнәларының кешірілуін Сенен сұраймын, – деп жылап дұға етті.
Алла тағала:

– Ей, Мұхаммед, үмбетіңніңкүнәларынкешірдім, үмбетіңешапағатетуіңдінәсіпеттім, – деді.
Құран Кәрімде: «Алланың қабылдаймын деп уәде еткен тәубесі – жамандықты білместікпен істеп алып, одан соң көп ұзамай (өлмей тұрып) түзелген адамның тәубесі. Алла олардың тәубесін қабыл етеді. Ол барлығын біліп тұрады, әрі хикметпен іс істейді. Тірлігінде жамандық жасаудан тыйылмай, өлер шаққа келгенде енді тәубе етемін деушілердің тәубесі және кәпір қалпында өлгендердің тәубелері қабыл болмайды. Оларға ауыр азап дайындалған», – делінген («Ниса» сүресі, 17-18-аяттар).

Пайғамбарымыз(с.ғ.с): «Ей, адамдар, АллатағалағатәубеетіңіздержәнеОданкешірімтілеңіздер. Мен күніне жүз рет тәубе етемін», – деген.
Иә, әрбір пенде қарны тойса, «тәубе, тәубе» деп ернін жыбырлатып қояды, бірақ осы сөздер шынайы жүректен шығып жатса ғой шіркін. Сол Алланың құлдары осы шақта тұрып, өткен шағына ойша есеп берсе, өткен күнәларына тәубе қылып, дұға етсе, ақыреті үшін оның пайдасы зор болар еді. Жаратушы Иеміздің әрдайым қаһарынан бұрын, рахымы бірінші жүретіні белгілі. Бұл дүниеде Алла тағаланың рахымы болмаса, адамзатта мейір-шапағат қайдан болсын?!
Мұхаммед (с.ғ.с.) үмбетіне берілген төрт сый
Адам (ғ.с.) былай деп айтты: «Алла тағала Мұхаммед (с.ғ.с.) үмбетіне төрт түрлі сыйлық жасады, оларды маған бермеген еді:

1.Менің тәубемнің қабыл етілуі Мекке Мукаррамада болды. Мұхаммедтің (с.ғ.с) үмбеті қай бір жерде тәубе етсе де, Ұлы Алла олардың тәубелерін қабыл етеді.
2. Мен киінген едім, күнә істеген соң, Ұлы Алла мені жалаңаш қылды. Мұхаммед (с.ғ.с) үмбеті болса, тыр жалаңаш күнә істейді. Ұлы Алла оларды киіндіреді.
3. Мен күнә істеген кезде Ұлы Алла әйелімнен мені ажырастырды. Мұхаммед (с.ғ.с) үмбеті де күнә істейді, бірақ әйелдерімен аралары бұзылмайды.
4. Мен жәннаттың ішінде күнә істедім. Ұлы Алла мені ол жерден шығарды. Мұхаммед (с.ғ.с) үмбеті болса, жәннаттың тысында күнә істейді, тәубе еткен соң, жәннатқа кіргізеді».
Иә, Раббым, біздерді, Мұхаммед (с.ғ.с) үмбетін түрлі күнәлардан сақтап, тәубемізді қабыл етіп, тура жолға бастай гөр! Әумин.

 

Бауыржан Оңалбаев,Түлкібас аудандық

«Түлкібас ата» орталық мешітінің бас имамы,
Оңтүстік Қазақстан облысы

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38