Бұл мәселе туралы екi түрлi көзқарас бар:

1) Уақыт — намаздың бiр шарты болумен қатар парыз болуының да басты себебi. Сондықтан егер бiр жерде намаз уақыттарының бiрі немесе екеуi болмаса, сол уақыттардағы намаздар ол жердің халқына парыз болмайды. Мысалы, кейбiр жерлерде жылдың белгiлi бiр мауысымында батқан күннің шапағы жойылмай жатып таңның екiншi шапағы атып, таң намазының уақыты кiредi. Мұндай жерлерде құптан намазын өтеу парыз болып жүктелмейді. Өйткені түн уақыты — құптан намазының парыз болуының негізгі себебі. Сондай-ақ, мұны дәрет алғанда жуылуы тиіс болған дене мүшелерiнiң бiреуi немесе екеуi жоқ болған адамға осы мүшелердi жуу мiндетi жүктелмейтiнiн негізге ала отырып, жоғарыдағыдай жағдайда намаздың да мойыннан түсетіндігіне пәтуа берiлген[1].

2) Зерттеушi кейбiр фиқһ ғалымдарының көзқарасы бойынша, мұндай жерде өмір сүретін мұсылмандарға да бес уақыт намазды өтеу парыз. Тұрған жерiнде бiр намаздың уақыты кiрмейтiн болса, онда сол уақыттың намазын қаза етiп оқиды немесе сол аймаққа ең жақын, бес уақыт намаздың уақыты толық кiретiн өлкенiң уақытына қарай шамалап өтейді. Уақыт — намаздың басты шарттарының бiрі әрі себебi болғанымен намаздың негiзгi себебi — Алланың жарлығы. Сондықтан барлық мұсылмандар осы бес уақыт намазды оқуға мiндеттi. Имам Шафиғидiң көзқарасы да, сақтық үшiн де дұрысы осы.

Ұзақ уақыт күн шықпайтын немесе батпайтын полюс аймақтарында және оған жақын жерлерде жоғарыдағы жағдайлар негiзге алынады. Сондай-ақ, мұндай жерлерде тұратын мұсылмандардың ораза мен зекет мәселесiнде де осылайша шамалағандары жөн. [2]

[1] Х. Дөндүрен. Делиллери иле Ислам Илмихали, 201-бет.

[2] Меһмед Зиһни, Нимети-Ислам, Стамбул, 1976, 130 бет; Билмен, Бүйук Ислам Илмихали, Станбул, 1986, 117 бет.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38