Қасиетті жұма күні, Шымкент қаласы орталық мешітінің найб имамы, оқу ағарту бөлімінің жетекшісі Иса Файзуллаұлы Шымкент қаласы, Абай ауданы, «Сәуле» мешітінде жұма намазын өткізді. «Исламдағы туыстық қарым қатынас» тақырыбында уағыз айтып, жұма хұтпасын оқыды. Жұмада 500 ге жуық жамағат болды. Уағыз өте әсерлі де қарапайым тілге түсінікті форматта өтті. Әсер алып, біраз мағлұмат алған халық өз ризашылықтарын білдірді. Намаз соңында жамағаттан ақ сақал батасын беріп, бүкіл Қазақ еліне береке бірлік тіледі.
Шымкент қаласы, «Сәуле» мешітінің баспасөз қызметі