Шымкент қалалық орталық мешітінің Жастар ісі секторының жетекшісі Азамат Абдикеримұлы  «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты  І конференциясына қатысып Жаңа басшының жоспарлармен бөлісіп  сәттілік тіледі.
Конференцияға  «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Миятұлы Жолдасов, «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Сүндетбаев Данияр Манарбекұлы,  аудан, қалалық  «Жас Отан»  бөлімшелерінің басшылары.  Түркістан облысының белсенді жастары қатысты, БАҚ өкілдері, сонымен қатар жасотандық белсенділер қатысты. Конференцияда   5 жылға жуық облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы қызметін атқарып келген Бауыржан Қамбарбекұлы Молдабеков  басқа жұмысқа ауысуына байланысты  атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. Бірқатар партиялық жобаларды іске асырып, көптеген жастарға қол ұшын созып жүрген Бауыржан Қамбарбекұлымен жас белсенділер қимай қоштасты. «Жас Отан» ЖҚ Түркістан облыстық филиалының төрағасы қызметіне  аудан, қала жастары  бір ауыздан Намаз Жұлдыз Алмазқызын сайлады

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38