Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Шардара қаласы орталық стадионда Шардара ауданы бойынша мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен 16 колледж студенттернің қатысуымен «Жастар діни экстремизмге, терроризмге қарсы күрес» – атты акция өтті. Аталмыш акцияға аудан әкімінің орынбасары Б. Алипов, ҚМДБ – ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары, РАНТ мүшесі Е. Қарақұлов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Б. Шомпиев, аудан имамы А. Данияров, «Аль – Фаттаһ» мешітінің бас имамы С. Шинибеков, БАҚ өкілдері қатысты.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.