SAM 393

 SAM 393

 

 

1 Маусым күні Арыс қаласы орталық мешітінде қала,аул имамдарының жиыны өтті. Қала, ауыл имамдарының қатысуымен және орталық мешіттің бас имамы Абдулкарим Абдулкамал төрағалық етуімен күн тәртібіндегі маңызды деген мәселелер талқыға түсті. 6 маусым күні басталатын қасиетті Рамазан айы қарсаңында дайындық жұмыстарын жүргізу – басты сұрақтардың бірі болды. бас имамы Абдулкарим Абдулкамал атап кеткендей, өкіл имамның тапсырмасына орай, Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу қажеттігіне баса назар аударылды. Барлық қала,ауыл мешіттерге Рамазан айының кестесін тарату, Пітір садақасының көлемі республика бойынша 200 теңге болып бекітілді. Сонымен бірге жыл сайын Ораза кезінде ұйымдастырылатын қайырымдылық шаралары мен ауызашарларды биыл да бірлесіп өткізу, бас имам барлық имамдарға нақты тапсырмалар беріліп, уағыз, насихат жұмыстарын күшейту тапсырылды. 1 маусымнан бастап мешіттерде сауат ашу курстарын жандандыруды тілге тиек етті бас имам.

Арыс қаласы орталық мешітітің баспасөз қызметі

 

 SAM 393

 SAM 392

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38