SAM 397

 SAM 397

 

 

Шардара ауданы Көксу ауылы Т. Айбергенов мектеп гимназиясының жоғарғы сынып оқушыларымен «Дін мен дәстүр сабақтастығы», – атты тақырыпта кездесуге аудан имамы А. Данияров, «Арулар әйелдер» қоғамдастық бірлестігінің төрайымы О. Қазманбетова, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т. Жакипов қатысты. Сөз кезегінде аудан имамы біздің ата – бабаларымыз, Ислам діні мен қазақтың салт – дәстүрлерінің тепе – теңдігін сақтай отырып, ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Осындай тәрбиенің арқасында қазақ халқынан жүздеген, тіпті мыңдаған батырлар, от ауызды, орақ тілді ақындар мен жыршы – жыраулар, данышпан билер мен ғұламалар шыққандығына тоқталды. Сөз соңында алдағы келе жатқан ҰБТ – дан сүрінбей өтулеріне дұға жасап батасын берді.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 SAM 397

 SAM 398

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38