ramazan shapagat ai

ramazan shapagat ai

Әрбір мұсылман Рамазан – айын сағына күтіп, қимай қоштасатын Құран Кәрім аяттары түсе бастаған шапағаты мол ай. Бұл айдың шарапаты сондай, ораза ұстаған пенде үшін өте үлкен ұлы сыйлық бар, бұл туралы хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді. «Кімде – кім рамазан айының келгеніне қуанса Алла тағала оның денесін тозақ отына харам қылады», – деді, және басқа бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у) айтты «Қандайда бір пенде Раббысының жолында бір күн ораза ұстаса, Хақ тағала сол күннің құрметіне оның жүзін тозақ отынан жетпіс жылға алыстатады», – деді. Өйткені пенденің шын ықыласпен тәубеге келуі Алланың рахымынан үміт ете отырып, тәубе етудің маңыздылығын сезінеді. Тәубе етіп құлшылық жасаған адамның тәубесін қабыл етіп, жапырақтары төгілген күзгі ағаштай күнәларынан арылады. Пайғамбарымыз (с.а.у) айтты «Егер үмметтерім Рамазан айының шарапатын білгендерінде еді, жыл он екі ай рамазан болуын арман қылған болар еді. Сондай Рамазан айында олардың құлшылығы сүйкімді, дұғалары қабыл, күналары кешірім етіліп Жәннәт оразашыға ғашық болады».
Күллі жаратылыс атаулының ішінде адам баласы ең ардақты екенідігіне баршамыздың көзімізді жеткізіп, осы жаратылысқа шүкір ете білуді үйретеді. Момын кісі бұл айда күнәлардан бойын аулақ ұстап, барынша жақсылықты көбірек жасауға ұмтылады. Пайғамбарымыз (с.а.у) «Кімде кім оразада ішіп жеуден тыйлса Алла Тағала оған жұмақ жемістерінен жегізіп, жұмақ бұлақтарынан ішкізеді» деп ұлық айдың шарапатын көрсетіп отыр. Басқа бір хадисте «жұмақта» «Раййан» деген есік бар ол есіктен тек ораза ұстағандар ғана кіре алады», – деу арқылы ораза ұстаушылырдың жаннатта арнайы құрметке бөленетінін сүйіншілеп жеткізген. Бұл шарапаты мол айда ораза ұстаушының әрбір игі исі сауап болып жазылады. Хадис шарифте Ораза ұстағанның ұйқысы ғибадат, үндемегені Аллаға айтылған мадақ, таспих жақсылықтары мен ғибадаттарына еселеп сауап жазылады. Оның дұғасы қабыл болып күнәлары кешіріледі деп келеді. Олай болса шарапты мол айдың шапағатынан марқұм қалмайық. Өйткені мына хадиске назар салсақ Рамазан айына жете тұрып Алла Тағаланың рахымымен кешірімінен махрұм қалған адамның жағдайы қандай өкінішті» деп, мұсылмандарды рахымы, нұры төгілген шарапаты мол бұл айдың берекетінен махрұм қаламауға шақырған, Сүйікті Пайғамбарымыдың хадис шарифінде ораза ұстаушыға шапағатшы болатындығы туралы хадис келеді. Хадисте «Ораза – ұстаушы ауыз бекіткен жанға Қиямет күні шапағат етеді. Сол күні ораза Хақ Тағалаға «Уа Раббым! Мен оны күндізгі барша ішіп-жеу, ләззат атауылынан тыйдым. Сол себепті, оған деген шапағатымды қабыл ала гөр!», – деп тілек етеді, Алла Тағала оразаның бұл тілегін қабыл алып оның шапағат етуіне рұхсат береді. Яхия ибн Муаз былай дейді. «Ғибадат егер құс болса, оның қос қанаты ораза мен намаз болары күмансіз деп ұлы айды неткен дәріптеген. Олай болса бұл айда барынша жақсы амалдар, қайыр істер жасап, өз азығымызды жинап қалайық».
Оразаның теңдессіз құлшылық екендігі жайлы Әбу Үмәма (р.а) былай дейді: «Пайғамбарымыздан жақсы бір амал сұрадым. Ол маған «Ораза ұста, өйткенеі, оған тең келер құлшылық жоқ», – деді. Мен екі – үш мәрте қайталап сұрасам да «Ораза ұста, оған тең келер құлшылық жоқ», – деген жауабынан танбады».
Пайғамбарымыз (с.а.у) айтты. «Жәннәт төрт түрлі адамдарға ғашық болып тұрады.
1-ші – Құран тиләуат қылушыларға,
2-ші – Тілін әр түрлі бекер сөздерден сақтанғандарға,
3-ші – Аштарға тағам беріп тойдырғандарға,
4-ші – Рамазан шариф оразасын кемел қылып тұтқандарға.
Алла Тағала осы қасиетті ораза айы әрбір мұсылманға шапағатшы болып, жәннәт ғашық болуын нәсіп етсін.

Арыс қаласы «Ысқақ ата» мешітінің бас имамы А. Абдулкамал

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38