IMG 947

IMG 947

ҚМДБ Оңтүстік Қазақстан облысы өкілдігі, «Зекет» корпоративтік қорының өкілі Айбек Азимбаев пен зекет өкілінің орынбасары Еркін Полатов имамдардың ұйымдастыруыменен ОҚО орталық мешітінде қайырымдылық іс-шара өтті. Шара барысында жағдайы төмен 20 отбасыға азық-түлік ретінде көмек көрсетілді. Берілген заттарды атап айтсақ, 500 кг ұн, 50 кг макарон, 100 кг күріш, 50 литр пісте майы және асханаға керекті ұсақ-түйек заттар болды.
Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі қария жанға мүгедек арбасы табысталды. Қосымша онкологиялық және бауыр ауруына ұшыраған жандарға арнайы дәрілері алып берілді. Осындай игі де һәм сауапты шараға Есенгелді ата ұрпақтарының берген зекеті мұрындық болды. Көмек алған жандар ОҚО орталық мешітінің осындай іс-шараларды ұйымдастырып, берілген зекеттерді қайырымдылық шараларға жұмсалып жатқанына рахметтерін айтып, өз ризалықтарын танытты.

ОҚО орталық мешітінің баспасөз қызметі

IMG 947

IMG 947

IMG 947

IMG 947

IMG 947

IMG 947

IMG 947

IMG 947

IMG 947

IMG 947

IMG 947

IMG 947

IMG 947

IMG 947

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38