«Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін, бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін» деген қазақ халқы қайрымдылық жасауды мақалдарына қосқан. Төлеби ауданына қарасты Қасқасу ауылдық округі Қасқасу ауылы «Әл-Баари» мешітінің имамы Вапаев Рустамның және ауыл жастарының ұйымдастыруымен он бес қайрымдылыққа мұқтаж отбасыларға азық-түлік заттармен жәрдем берілді. Бүгінде халықтың имандылыққа бет бұрысы қарқында. Ел арасында Алла разылығын бәрінен жоғары қоя білетін тақуа, адал табысынан мұқтаждарға бөліп беретін, елдің ықыласына бөленіп жүрген азаматтар аз емес. Рамазан айы қайрымдылық жасауда таптырмас ай. Он бес мұқтаж отбасы өздерінің шын разылықтарын білдірді. Алла разы болсын!
Төлеби ауданы аудандық Нұр мешіті баспасөз қызметі