Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев «Шымкент» жəне «Сарыағаш» медресе колледждерінің мешіттерге кəсіптік іс-тəжірибеге шыққан қыздар бөліміндегі 2-ші курс студенттерімен кездесті. Бір айлық іс-тəжірибеге шыққан медресе шəкірттеріне өкіл имам сəттілік тілеп, алдағы уақыттарда мешіттерге өздеріндей білікті мамандарды күтетінін айтты. Дін жолында қызмет етудің маңыздылығын айта отырып, Дəстүрлі Исламды насихаттап халықтың діни сауаттылығына үлес қосуды, Отанымыз Қазақстан алдындағы борышымыз екенін атап өтті.
Студенттер Шымкент қаласындағы 8 мешітке бөлініп, арнайы бағдарлама арқылы алдағы бір айда іс-тəжірибеден өтетін болады.
ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі