IMG 915

IMG 915

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бастамасы аясында қоғамдық сананы жаңғырту жолында ұстаздар қауымының рөлін арттыруды мақсатында ұстаздар арасында Қазақстан Республикасы Педагогикалық Ғылымдар Академиясының VI «Үздік ұстаз» Республикалық тәуелсіз қоғамдық байқау жарияланған болатын.
Аталмыш байқауға «Шымкент медресе» колледжінің оқытушылары қатысып, нәтижесінде өз кәсіби біліктілігімен «Үздік ұстаз» байқауының жеңіпмазы атанды. Байқау шарттары бойынша мол тәжірибесі, кәсіби біліктілігі, педагогикалық шеберлігі және ғылыми ізденістері аналитикалық жүйе бойынша сарапталды.
Жарыс қорытындысы бойынша ОҚО бойынша алты педагог, оның үшеуі «Шымкент медресе» колледжінің оқытушылары екені зор мақтаныш туғызады.
Атап айтқанда; «Шымкент медресе» колледжінің оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Сырманов, арнайы пәндер бірлестігі меңгерушісі Д.Жомарт және колледждің арнайы психолог маманы М.Кайимов секілді оқытушыларымыз «Үздік ұстаз» байқауының жеңімпазы атанып отыр.
Біз де осындай ұстаздармен мақтана отырып, болашақта шығармашылық табыс тілейміз. Марапаттарыңыз құтты болсын!

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

IMG 911

IMG 912

IMG 913

IMG 914

IMG 915

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38