Үстіміздегі жылдың 16-шы күні Қасиетті Рамазан айы қарсаңында ҚМДБ-ның ОҚО мешіт жанынан құрылған Ақылдастар алқасының жерлеу рәсімдеріне қатысты, Оңтүстік халқына «Үндеуін» түсіндіру мақсатында, Созақ ауданы Мыңжылқы мәдениет үйінің мәжіліс залында Созақ ауданы әкімінің орынбасары Айдарбеков Бағдат Бегманұлы, басқарма бастығы Сапарбаев Самат Айдарханұлы, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің найб имамы Ақтамберді Мұсабек қажы, аудан ардагерлері, ауылдық округі әкімдері, әйелдер қоғамының төрайымы, мешіт имамдары, аудандық жастар ұйымы, аудандық ақылдастар алқасы, зиялы қауым, ауыл ақсақалдарымен «Ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселелері» тақырыбында семинар болып өтті. Семинар барысында Үндеу жан-жақты талқыланып, халыққа түсіндірілді. Тұрғындарымыз діни рәсімдерге байланысты сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.
Созақ ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі