IMG 635

IMG 635

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдігінде қала, аудан имамдарымен өткен кезекті тоқсандық жиналысты өкіл имам Бақтыбай қажы Бейсенбаев ыстық ықыласын білдіре, көпшілікті келе жатқан Рамазан айымен құттықтай отырып ашты.
Рамазан айымен құттықтаған бас имам биылғы Рамазан айы 15-інші мамыр түні тарауих намазы оқылып, 16-ншы мамыр сәресі ас ішілетінін, Қадір түнінің 10-ыншы маусымнан 11-інші маусымға қараған түні саналатыны және айт намазы 15-інші маусым күні белгіленгенін айтты. Пітір-садақа мөлшері екі келі ақ ұн немесе 300 теңге. Осыған орай, наиб имам Д.Желеуов пітір-садақа әрбір азаматтың әлеуметтік жағдайына қарай, мейіз бағасымен берілуге де болатыны жөнінде сөз етті.
Рамазан айында ұсталатын ораза әдебі туралы – фидия мәселесі жайлы наиб имам Ж.Қалменов сөз тиегін ағытты. Биылғы фидия бағасы 1000 теңге. 30 күнге – 30 мың теңге. Фидия тек ораза ұстай алмайтын (жасы келген немесе ауыр халдегі) жандарға ғана қатысты. Егер денсаулығы кейін түзелген болса, онда 30 күн оразаны денсаулығы жақсарған кезде өтеп беру парыз болып саналады екен.

ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі

IMG 635

IMG 635

IMG 635

IMG 635

IMG 635

IMG 635

IMG 635

IMG 635

IMG 635

IMG 635

IMG 635

IMG 635

IMG 635

IMG 635

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38