IMG 652

IMG 652

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының Ғылыми-зерттеу бөлімінің ұйымдастыруымен «Көне кітаптар – жазба ескерткіштер» атты ақпараттық шара өтті. Шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы Бейсенбай Бақтыбай Қыдырбайұлы, жазушы-драматург Еркінбек Тұрысов, Шымкент және Арыс қалаларының Құрметті азаматы, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шерім Медеуов, ақын Сәрсенбек Сахабат, жазушы Сарманбай Исақ, журналист Әбсаттар Әліп қатысты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы Бейсенбай Бақтыбай Қыдырбайұлы кітапхананың сирек қорындағы көне мұралардың құндылығы мен дін қызметкерлері үшін маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, бөлім қорында сақтаулы көне кітаптардың сандық форматта көшіріліп, жастарға насихатталуы төл тарихымыздың насихатталғаны деп пікірін білдіре кетті.
Ақпаратты талқылауға қатысушы қаламгерлер қатарынан Сәрсенбек Сахабат, Сарманбай Исақ, Әбсаттар Әліп көне кітаптарды сақтау, ұрпаққа жеткізу, оларды насихаттау жұмыстары ұлттың рухани-ағартушылық және мәдени-интеллектуалдық деңгейін арттыруға бағытталған игілікті жұмыстар екендігін айта келе, тарихи қолжазбалар мен көне кітаптарды сандық форматқа көшірудің маңыздылығына тоқталды.
Тақырып аясында жасақталған көрме кітапхананың тұрақты оқырмандары мен жастарға таныстырылып, кітапхананың Ғылыми-зерттеу бөліміндегі көне құжаттар мен қолжазбалар жөнінде ақпараттар берілді.

ОҚО Отырар кітапханасының баспасөз қызметі

IMG 649

IMG 650

IMG 651

IMG 652

IMG 653

IMG 654

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38