Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты Оңтүстік Қазақстан Облысы бойынша өкілдігінде «Ислам және отбасы жылы» аясында облыстық орталық мешіт шәкірттерінің ұйымдастыруымен Шымкент медресе колледжінде «Отбасым – Отанымның тірегі» атты әйелдер жамағатына арналған рухани кеш болып өтті. Кешке жиналаған жамағатқа медресе директоры Талғат Әсембай ыстық лебізін білдірді. Кеш барысында «Отбасы құндылығы», «Жат ағымнан сақтан» және «Қыз тәрбиесі» тақырыптарында театырлық қойылымдар қойылды. Шәкірттер даналығы мен ер жүректілігімен Қазақ халқының тарихында аты аңызға айналған асыл аналардан қойылымдыр көрсетті. Қойылым барысында асыл аналарымыздың салт-дәстүр мен дінді қатар ұстай отырып ұрпаққа өнегелі тәрбие берген аналарымыздың жолында болудың мағыздылығына тоқталып өтті. Кеш соңында орталық мешіт ұстазы Әбиева Еңілік «Бақытты отбасы» тақырыбында жиналған көпшілікке уағыз айтты. Келген қонақтарға мешіт шәкірттері атынан сыйлықтар үлестіріліп, дастархан жайылды.
ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі