Созақ ауданының имам – молдалары бас қосты. Бас қосу барысында имамдарға асыл дінімізді насихаттау туралы Созақ ауданының бас имамы Есіркеп Мейрамбек Құдайбергенұлы: «Халыққа қызмет, Хаққа қызмет. Сол себепті Алла алдындғы жауапкершілікті сезіне отырып, әрбіріміз дін үшін адал қызмет етіп, асыл дініміздің қанаттанып, өркендеуіне өз үлесімізді қосуымыз керек.»-деп, дінге, халыққа қызмет етудің сауапты амал екенін жеткізді.
Созақ имамдары облыс бойынша жүріп жатқан жаназа рәсімдері мен аста-төк, ысырапшылдық мәселелерін талқылап, алдағы атқаратын міндеттерін айқындады. Бұл бас қосуда жылдық іс – жоспарларын бекітті. Сонымен қатар салынып жатқан және салынатын мешіттер және олардың құжаттары, жұма, бесін-ақшам уағыздары, шапан – сәлде мәселесі, сенбілік – тазалық, деструктивті ағымдар мәселесі, сауат ашу курстары, діни мерекелер, басылымдарға жазылу – мақалалар беру, беріліп жатқан тапсырмаладың дер кезінде орындалуын қадағалау міндеттелді. Жиын соңында имамдар өзара ұсыныстарымен бөлісіп, аймақтағы діни ахуалды тұрақты сақтап қалудың тетіктерін талқылады.