Созақ ауданының әділет басқармасында басқарма қызметкерлермен кездесу өтті. Бұл кездесуде теріс ағымдар туралы түсініктер берілді. Исламның рухын түстеп танымаған, діннің мазмұндық қырына емес, тек формалық жағына мән беретін, сақалды, қысқа балақты мұсылмандықтың тікелей көрінісі ретінде танытуға тырысатын салафилік ағымның даму атаулыны қабылдамайтын шектеулі дүниетанымы мұсылмандар үшін де қауіпті екендігі кеңінен түсіндірілді. Кездесу әрі қарай сұрақ – жауап түрінде жалғасын тауып қызықты өтті. Басқарма қызметкерлері дән риза болып, өз ризашылықтарын білдірді.