Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында,
Шымкент қаласы Жібек жолы көшесінде орналасқан «Райян плов» мейрамханасына ҚМДБ уақып қорының Уақыпнама кәулігін табыстау шарасы өтті.
Игі шараға Шымкент қаласы Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров қатысып, аталмыш дәмхана жетекшісі Тасходжаев Абдулазиз Нәзірханұлына салтанатты түрде ҚМДБ уақып қорының Уақыпнама куәлігі табысталды.
ҚМДБ уақып қорының жұмысына қолдау көрсеткен дәмхана басшысына шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының атынан алғыс айтылып, сәлемі жеткізілді.
Айта кетейік, «Райян плов» дәмханасында түрлі деңгейдегі астар мен игі шаралар өткізуге болады. Дәмханада барлығы адал тағам өнімдері, онда ішімдікке жол берілмейтінін атап өткен жөн.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




