ҚМДБ Шымкент қаласы Жастар ісі секторы жетекшісі Қарабеков Азимбек ұстаздың ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы “Шымкент медресе” колледжының шәкіртерімен «Адалдық және рухани құндылықтар» тақырыбында кездесу өтті.
Жастар арасында адалдықты насихаттау, адамгершілік қасиеттерді дәріптеу және рухани құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Адалдық және рухани құндылықтар» тақырыбында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында адалдық, шыншылдық, аманатқа беріктік, жауапкершілік және ізгілік секілді асыл қасиеттердің адам өміріндегі орны кеңінен сөз болды.
Қатысушыларға рухани тәрбиенің маңыздылығы түсіндіріліп, адал қоғам қалыптастыру әрбір адамның өзінен басталатыны айтылды.
Адалдық – адамдықтың белгісі, рухани құндылық – ұлттың асыл қазынасы!








