Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Аңламас ата» мешітінде «Қамқор шарапат» бағыты бойынша көшпелі семинар өтті.

Семинарға Сала жетекшілері мен мешіт ақсалдары қатысты.

Қаратау ауданының имамы Ербол қажы Тастанбекұлы, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, «Зират және зиярат» мәдениетіне қатысты, мән беретін жағдайларға мән беруді тапсырды.

Қаратау ауданының «Қамқор шарапат» бағытының жетекшісі Балтабаев Серік имам баяндама жасады. Серік имам
Зират мәдениетіне қатысты, құлпы тас қою барысында, биіктігі шариғат талабынан аспауды, онда қарапайым болуын, рәсім қойылмауын, үлкен қоршаулардың артық боларын айтты.

Зиярат мәдениетінде мәйіт қойылған орынды тазалап, Құран оқып, дұға жасаумен шектелуді, артық әрекетке бармауды ескертуді айтып өтті.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38