
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансуров «Шымкент» медресе-колледжінде шәкірттерге дәріс оқыды.
Кездесуге «Шымкент» медресе-колледжінің диекторы Талғат Әсембай, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Анарқұл Сарманов т.б, ұлағатты ұстаздар мен медресе шәкірттері қатысты. Дәріс барысында Батыржан Берденұлы шәкірттеге білім алу, елге қызмет ету сынды мәселелерді айтып өтті. Сондай-ақ бірқатар қойылған сұрақтарға жауап берілді. Дәріс өте қызықты һәм әсерлі өтті. Шәкірттер өздеріне мол тәжірибе алды.
Жүздесу соңында арнайы келген ұстазға шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының атынан алғыс айтып, ризалық білдірілді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі













