Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасына орай, Шымкент қаласында ішінара мешіттерде жыл басынан бері “Отбасылық кеңес беру” бөлмесі табысты жұмыс жасап келеді.

Бүгін қалалық орталық мешіттің наиб имамы Керімбек Ахметжан Пірәліұлының қатысуымен Қаратау аудандық “Байғұт баба” мешітіндегі “Отбасылық кеңес беру” бөлмесінде ерлі-зайыптылар арасындағы түсініспеушілік мәселесінде кеңес беру кездесуі өткізілді.

Отбасылық кеңес алуға келген азаматша мәселесіне байланысты сауалдарын қойып, алған жауаптарына және алған ақыл-кеңеске ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38