Шымкент қаласы, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінде “Берекелі шаңырақ — адал қоғам негізі” атты рухани-тағылымдық іс-шара өтті.

Шараға аудан имамы Қалшабеков Ербол қажы Тастанбекұлы, қалалық орталық мешіттің наиб имамы, Керімбек Ахметжан Пірәліұлы және ағымдағы жылы мешіттерде некелері қиылған жас отбасы өкілдері қатысты.

Шара барысында, аудан имамы Ербол қажы Тастанбекұлы жиынның мән-маңызын түсіндіріп, қала имамы Абдрахманов Бақдәулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізді. Кіріспе сөзінен кейін, сөз кезегін Ахметжан қажы Пірәліұлына берді.

Өз сөзінде Ахметжан қажы, Берекелі шаңырақ – Алла еске алынатын, адал ризық желінетін, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілетін, ерлі-зайыптылар бір-біріне аманат деп қарайтын отбасы. Демек, береке – дүниенің көптігінде емес, Алланың разылығына сай өмір сүруде екенін айтты.

Шара соңында, рухани-тағылымдық іс-шара қатысқан жас отбасылар өкілдеріне алғыс хаттар табысталды.
Сонымен қатар, осы жас отбасылардан дүниеге келген сәбилерге көпшілік алдында азан шақырып, ат қою рәсімі өтті.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38