
БҮГІНГІ СҰХБАТ
Бүгін Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Ойсыл баба» мешітінің имамы Шотабеков Берік Салаватұлы «Отырар» телеарнасының арнайы бағдарламасына қатысып, «Адал еңбек – береке» тақырыбында сұхбат берді.
Сұхбат барысында адал еңбектің адам өміріндегі маңызы, адал табыстың берекесі және ислам дініндегі еңбекқорлықтың орны жайлы кеңінен сөз қозғалды.
Алла Тағала баршамызға адал еңбек етіп, адал ризық табуды нәсіп етсін!
